Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді. Солтүстік пен шығыстың кей өңірлерінде нөсер жауын жауып, бұршақ түседі. Ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Синоптиктердің айтуынша, бірқатар аймақта жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасы 32 градус ыстық болады деп болжанып отыр.
Осыған байланысты алдағы бірнеше күнде жоғары өрт қаупі сақталады. Төтенше жағдайлар министрлігі далалық жерлерде жүрмеуге кеңес береді.
Жанель Өтеулі
