Ұлыбританияда эвтаназия заңмен бекітіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда эвтаназия заңмен бекітіледі

26.06.2025

Ұлыбритания парламенті 20 жыл бойы талқыланып келген маңызды мәселе бойынша тарихи шешім қабылдады. Елде эвтаназияны заңдастыру туралы заң жобасы мақұлданды.

Енді Англия мен Уэльсте дәм-тұзы таусылуға алты ай қалған, ақыл-есі бүтін ересек адамдар дәрігердің көмегімен өмірмен қош айтыса алады. Бірақ науқас өлімге әкелетін дәріні өз қолымен қабылдауы тиіс. Бүгінде бұл заң әлемнің жиырмаға жуық мемлекетінде бар. Өткен жылдың күзінде маңызды құжатты жергілікті депутаттардың көпшілігі қолдамаған еді. Алайда кейін заң жобасы қайта қаралып, осал топтарды қорғауға арналған кепілдіктер енгізілген соң кейбір халық қалаулылары өз ұстанымын өзгертті. Қоғам белсенділері жаңалықты зор қуанышпен қарсы алды. Кейбірі тіпті көз жасына ерік берді.

Ребекка Койн, қоғам белсендісі:

Енді ауыр дертке шалдыққандар соңғы сәттерін азаппен емес, тыныштықта өткізеді. Бұл – адамгершілікке бастар үлкен қадам.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу