Алматыда бастауыш мектеп оқушылары арасында республикалық «Бастау» математикалық турнирі басталды. Биыл 10-шы рет ұйымдастырылған білім бәсекесін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізуде. Оған еліміздің барлық облысынан 150 оқушы қатысуда. Әр аймақтағы іріктеуден сүрінбей өткен мықтылар 3 күн бойы түрлі сайыстарға түседі. Командалық және жекелей сындарда ауызша есеп шығарып, логикалық тапсырмаларды орындайды. «Бұл баланың математикаға деген қызығушылығын оятуға пайдалы», - дейді мамандар.
Ғалия Ахметова, республикалық физика-математикалық мектебінің қызметкері:
- Математика мұғалімдері жыл сайын осы турнирді асыға күтеді. Әр уақытта біздің мектепте өтеді. Біз кішкентай бүлдіршіндерді математикаға дайындап солардың қызығушылығын арттырған мұғалімдерге алғысымызды айтқымыз келеді.
Аманкелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.