Қазақстан цифрлық қызмет бойынша әлемде 24 орында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан цифрлық қызмет бойынша әлемде 24 орында тұр

23.06.2025

Қазақстан цифрлық трансформация саласында Орталық Азиядағы көшбасшы позициясын нығайтып келеді. БҰҰ-ның онлайн қызметтер индексі бойынша еліміз 193 мемлекеттің ішінде 24-орында. Мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электронды форматта қолжетімді. eGov, Kaspi және цифрлық әмияндар арқылы тұрғындар күнделікті қызметтерді жылдам пайдалана алады. Ел ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып, жасанды интеллект пен цифрлық білім беруге ерекше басымдық беріп отыр. Мәселен «Coursera» платформасымен серіктестік аясында еліміздің 93 жоғары оқу орны цифрлық дағдыларға арналған курстарды енгізді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге жасанды интеллектті меңгеру міндеттелді. 

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу