Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Сәкен Сейфуллин музейінің 30 жылдық мерейтойына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті. Қазыналы мекеменің мерейтойы Астана қаласының 20 жылдығымен тұспа-тұс келген. Музей ұжымы 30 жылдан бері тынбай еңбек етіп, Сәкен мұрасын жинауға барынша күш салып келеді. Кеш барысында елге танымал өнерпаздар өнер көрсетті. Сондай-ақ, Сәкен Сейфуллиннің шығармалары оқылып, әндері айтылды. Айта кетейік, жақында музейдің интернетте өз парақшасы ашылды. Тарих пен тағылымды танығысы келгетіндер үшін бұл жаңа мүкіндік.
Несіпбек Айтұлы, С.Сейфуллин атындағы музей директоры, ақын:
- Елбасымыз 1995 жылы музейге келіп, батасын беріп кеткен. Сондықтан, бұл музейдің басқадан артықшылығы - Астанада тұрғандығы, Сәкен осы жерде өзі алғашқы күрес жолын Астанадан бастаған.
Әйгерім ШАЯХМЕТОВА