Қайым Мұхамедхановтың «Абайдың әдебиет мектебі» атты еңбегі Семейдегі мұражайға қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайым Мұхамедхановтың «Абайдың әдебиет мектебі» атты еңбегі Семейдегі мұражайға қойылды

23.05.2018

Ғалым дәл осы еңбегі үшін қылышынан қан тамған кеңестік кезеңде талай қуғын-сүргін көрген еді. Абайтану ғылымының негізін қалаушы, аудармашы, драматург Қайым Мұхамедханов Қазақтың тұңғыш гимнің авторы. Ағартушының елге сіңірген еңбегі орасан. Музейде Абай шығармашылығы», «Абай жолы» - әлем әдебиетінің жауһары» және «Қ.Мұхамедханов - абайтанушы» деп аталатын көрме ұйымдастырылды. 

Ақмарал Смағұлова, филология ғылымдарының кандидаты:

- 1951 жылы 1-желтоқсанда Қ.Мұхамедханов «Абайдың әдеби мектебі» деген тақырыпты қорғағаны үшін тұтқындалған. Ғылыми жетекшісі  Мұхтар Әуезов болған. Сол кездегі арнайы тәркіленіп алынған қолжазба бүгін қалың оқырманға, музейге келген көпшілікке таныстырылып отыр.

 

Р.МАДВАСОВА

Хабарламаларға жазылу