«Рухани қазына» фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Рухани қазына» фестивалі басталды

21.05.2018

Бүгін мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері өздерінің төл мерекелерін тойлауды бастады. Шара аясында алғаш рет «Рухани қазына» фестивалі  ұйымдастырылып отыр. Фестивальде еліміз бойынша ең мықты деген музей мен кітапхана және олардың қызметкерлері анықталмақ. Облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі  мәдени мекемелердің ішінен 10 аталым бойынша  үздігі белгілі болады.

Мәселен, музейге келетін болсақ, тарихи орынның соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстары, материалдық-техникалық базасы, экспонаттардың сандық форматқа көшірілуі ескеріледі. Елімізде 238 музей бар. Байқауға қатысу үшін 54 өтінім түскен. Ал, «Үздік қызметкер» аталымы бойынша облыстан 15, ауданнан 13 адам сынға түседі. Жеңімпаздар бүгін кешке өтетін салтанатты шарада анықталады.   

Назгүл Кадримбетова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Музейлер және кітапханалар басқармасының бас сарапшысы: 

- Музей қызметкеріне қойылған талаптар - біліктілігін арттыруы,  тілді меңгеруі,  ғылыммен айналысуы.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу