Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдердің спикерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы Парламенттік ассамблея ұсынған тың бастамаларды қолдайтынын айтып, түркі ықпалдастығына үлес қоса беруге дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының жанындағы Тұрақты өкілдерді тағайындау туралы шешім қабылданғанына, ұйым елдері арасында сауда-экономика, энергетика, қаржы және инвестиция саласындағы байланыс арта түскеніне назар аударды.
Жақында «Мажарстанда өткен мемлекет басшыларының бейресми кездесуі нәтижелі болғанын айтып, келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсындым», - деді.
Ақниет Балтанова
