Инновациялық технологиялармен жарақтанып, қайта ашылған рухани орда курортты аймақтың тарихы мен этнографиялық құндылықтары туралы сыр шертеді. Бурабай кентінің тарихи музейі Абылай ханның 280 жылдық мерейтойына орай 1999 жылы ашылған болатын.
Енді міне, 19 жылдан соң «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жаңартылып отыр. Бурабай сияқты әсем де, киелі өңірдің мәдениетін, тарихын және этнографиясын көрсететін нысан бүгінде «Бурабай Даму» визит-орталығында орналасқан. Музейде сенсорлық дүңгіршектер, LED-экрандар, моноблоктар бар. Яғни, мұражай барынша инновациялық технологиялармен жарақталған.
Қуаныш Шақшақов, облыстық Тарихи-өлкетану музейінің директоры:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бурабай кентінің тарихи-өлкетану музейі ашылды. Жалпы, 32 миллион теңге ақша бөлінді, реэкспозиция және реконструкция жасауға Қазақстанның көрнекті музеологы Алмас Жансүгіровті шақырдық.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.