Астанада Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған форум өтті

27.04.2018

Түркі әлемінің дүлділі -  Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл. Осыған орай, Астанада «Айтматов тағылымы» атты халықаралық форум өтті. Заңғар жазушының мерейтойына арналған жиынды Президент Әкімшілігінің қолдауымен Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырды. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан мен Қырғызстанның әдебиетшілері мен ғалымдары қатысты. Форум аясында «Империяның соңғы жазушысы» атты еңбектің таныстырылымы да өтті. Шығарма авторы –Қырғыз Республикасының бұрынғы мемлекеттік хатшысы – Осмонакун Ибраимов. Сондай-ақ, жиын қонақтарының назарына қырғыз режиссері Артықбай Сүйіндіковтың жазушы жайында түсірген деректі фильмі ұсынылды.

Айта кетейік, халықаралық Түркі академиясы биылғы жылды Айтматов жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай, оған мүше елдерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жазушының еңбектері қайта басылатын болады. Бүгінде әйгілі қаламгердің шығармалары 157 тілге аударылған.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

- Біз ұлы тұлғаның 80 жылдығын, 85 жылдығын атап өттік. Енді Шыңғыс Айтматовтың 90 жылында өзі жақсы көретін, өзі арнайы келіп сұхбаттасқан Астанада басталып отыр. Шыңғыс Айтматовтың кезінде қазақ зиялылары бірге жүріп, бірге әңгімелесетін. Сондықтан, бүгінгі жиынды алқалы басқосу деп айтуға болады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.​​​​​​​

Хабарламаларға жазылу