Талдықорғанда жас әдебиетшілердің «Жетісу көктемі» атты алғашқы форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жас әдебиетшілердің «Жетісу көктемі» атты алғашқы форумы өтті

25.04.2018

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ұйымдастырылған шара жас қаламгерлерге жаңа серпін берді. Ақындар мен жазушылар Жетісу өңірінің тарихи және мәдени орындарында болып, шабытына шабыт қосты. Поэзия кештерінде шығармаларын оқып, арнайы семинарларға қатысты. Форум барысында республикалық «Рух» әдеби байқауының қорытындысы бойынша жарыққа шыққан кітаптар таныстырылып, бір топ жас қаламгер Қазақстан Жазушылар Одағы қатарына қабылданды. «Мәңгілік елдің мұраты» атты жабық әдеби байқаудың нәтижесінде үздік деп танылған екі әдебиетші Алматы облысы әкімінің «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесінің иегері атанады.

Ұлықбек Есдәулет, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы:

- Жас қаламгердің көңіліне, жүрегіне бір рухани дән себілді деп айтуға болады. Бұл шығармашылықтың дәні. Бұл келешекте тамырланып, өзінің жемісін беретініне сенімім зор.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу