Қазақстан мен Ауғанстан бірқатар салада ынтымақты нығайтпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ауғанстан бірқатар салада ынтымақты нығайтпақ

30.05.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Ауғанстан сауда және өнеркәсіп министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизимен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақты нығайту мәселелерін талқылады. Көлік-логистика, геологиялық барлау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, және тағы басқа салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударды. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 545,2 млн. долларға жеткен, оның ішінде қазақстандық өнімнің экспорты – 527,7 млн долларға тең. Бұл көрсеткіш өсуі мүмкін. «Біз тауарлар номенклатурасын кеңейтуге мүдделліміз. Сол үшін Гератта «Қазақстанның сауда үйін» аштық және Кабулда да қазақстандық сауда үйін ашуға ниеттіміз», - деді Олжас Бектенов.

Темірлан Нұржанұлы

Хабарламаларға жазылу