«Сағыныш қалды көзімде...». Осындай атаумен атыраулық ақын, халықаралық шабыт фестивалінің гран-при иегері Бақытгүл Бабаштың шығармашылық кеші өтті. Поэзия тойына зиялы қауым өкілдері мен ақынның қаламгер замандастары, сондай-ақ, оқырмандары қатысты. Актерлер ақын өлеңдерінен сахналық көріністер қойып, жиналған халыққа ерекше көңіл-күй сыйлады. Біртуар тұлға Фариза Оңғарсынованың өзі өнерін бағалап, биікке көтерген ақын қыз осымен екінші мәрте шығармашылық кешін өткізді. 300-ге жуық өлең мен 2 кітаптың авторы Бақытгүл Бабаш, оқырмандарына арнап, тосынсый әзірлеп жатқанын айтты.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ