Айман Мұсақожаева Иорданияда өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айман Мұсақожаева Иорданияда өнер көрсетті

11.04.2018

Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсақожаева Иорданияда өнер көрсетті. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 25 жылдығына орайластырылған думанды шара Король Хусейн атындағы Мәдениет сарайында өтті. Халық әртісін маэстро Айдар Торыбаев жетекшілік ететін Қазақ Ұлттық өнер университетінің симфониялық оркестрі сүйемелдеді. Иордания жұрты, әсіресе Еркеғали Рахмадиевтің «Күй шашуы» мен Латиф Хамидидің «Қазақ вальсін» тұщына тыңдап, тебірене тамашалады. Ұмытылмас әсер алғандардың қатарында король отбасының мүшесі Шарифа Хент Насер ханым да бар.

Шарифа Хент Насер, король отбасының мүшесі:

- Бүгін мен таңғажайып, керемет концертті тамашаладым. Маған өте ұнады, концерттен ерекше әсер алдым. Біздің короліміз және сіздің Президент қос ел арасындағы достастық пен ынтымақтастықты үнемі жалғастыруда. Мәдениет пен дәстүрлерімізді бөлісудің мүмкіншілігіне өте ризамын. Болашақта елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ, халықтардың мәдени және рухани құндылықтарымен алмасамыз деген ойдамын.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу