«Мемлекет және ұлт». Осындай атаумен елімізде жаңа ғылыми монография жарық көрді. Кітаптың авторы - белгілі философия ғылымдарының докторы, Еуропа жаратылыстану ғалымдары академиясының және Оксфорд академиялық одағының академигі Досмұхамет Нұр-Ахмет. Туынды Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналған.
Кітап идеалық жағынан Президент мақұлдаған «Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасының» логикалық жалғасы іспеттес.
Досмұхамет Нұр-Ахмет, философия ғылымдарының докторы:
-Бұл кітап Мәскеу қаласында шыққан. Бірақ, солай бола тұра, біз тұсаукесерін Астанада жасап отырмыз. Ары қарай Мәскеуде және басқа қалаларда таныстырылуы өте жатады.
Азамат НҰҒЫМАНОВ