Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жариялаған конкурстың екінші кезең қорытындысы белгілі болды. Биыл байқауға қатысқан 444 жобаның 99-ы үшінші кезеңге өткен. Бұл туралы бүгін отандық киноиндустрияның дамуына арналған брифингте айтылды. Жиынға сала мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты. Онда отандық картиналардың қазіргі жағдайы мен келешегі сөз болды.
Темірлан Нұрсолтан
