Қазақстанда аймақтық климат саммиті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда аймақтық климат саммиті өтеді

23.05.2025

Қазақстан келесі жылы аймақтық климат саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафальда Дуартемен кездесуінде айтты. Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғат өзгерістеріне бейімделу, азық-түлік пен су қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әңгімелесу барысында Жасыл климат қорымен ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланды. Өз кезегінде Мафальда Дуарте климат проблемаларын шешуге бағытталған Қазақстанның күш-жігеріне қолдау білдіріп, Ұлттық бейімделу жоспарының орындалуына жоғары баға берді. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу