Мектепегі буллинг мәселесі өте өзекті. Оған қарсы білім ұйымдарында түрлі шара қолға алынған. Мысалы, кей мектептерде «стоп буллинг» деп аталатын арнайы QR кодтары бар.
Индира Қуанышева, педагог-психолог:
Мектепте анонимдік түрде оқушы хабарлама жібере алатындай жағдайлар қарастырылды. Мектепке стоп буллинг QR орналастырылды және де сенім телефоны әрбір жерде ілулі тұрады. Бұл жерде педагог-психолог жәбір көруші оқушыға оңалту жұмыстарын жүргізеді, ал жәбір көрсетуші, яғни буллер бастамашы-оқушымен әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын жүргізеді.
