Сарапшы: Украина мен Ресей келісімге келетін күн жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Украина мен Ресей келісімге келетін күн жақын

20.05.2025

Украина мен Ресей ортақ келісімге келетін күн жақын. Саясатанушы Жанат Момынқұлов осылай дейді. Трамп тараптарды татуластырудың тетігін дөп таппаса да, қос елді елдестіру үшін уақыт созып, әртүрлі ұсыныс арқылы мәмілеге келтіруге күш салып жатыр. Оның пікірінше, бейбіт өмірге қайта оралу ісінде ілгерілеу бар. Жыл соңына дейін саяси шешімдер өз нәтижесін беруі тиіс.

Жанат Момынқұлов, саясаттанушы:

Әлі талай кездесулер осы жылдың соңына дейін болады. Бұл екі жақты бәрібір де бейбіт келісімге алып келеді. Жақында Ватикан тарапы да өзінің алаңын берейін деп жатыр. Менің ойымша, жылдың соңына дейін біз бірнеше кездесуге куә боламыз. Және Ресей мен Украина позицияларының жұмсаруына, бір-біріне сәйкесуіне куә боламыз деп ойлаймын. Өйткені бұл үлкен геосаяси мәселе. Оның артында үлкен геосаяси күштер тұр.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу