«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржылық есепті дұрыс жүргізбейді. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің ішкі құжаттары солай болуына мүмкіндік береді.
Соның кесірінен құжаттарды әйтеуір толтыра салу, сөйтіп бюджет қаржысын ұрлау» - Мәжіліс депутаттары, әсіресе Бақытжан Базарбек соңғы кезде міндетті медициналық сақтандыруға қатысты сауалдарды жүйелі қойып келеді.
Тіпті «жекеменшік емханаларда мынадай тонау жолдары бар» деген депутатты, депутаттың айыптаған медициналық мекемелері сотқа беріп үлгерді. «Мөлдір» деген қыздың есімі ғана деп күрсініп көне бермей, міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысын қалай мөлдір етуге болады?
Өте қомақты қаржы айналатын салада кепіл берілген көмектің сапалы және уақытында көрсетілгенін азаматтардың талап етуге қақы бар. Иә проблемалар қордаланған. Иә сала өте ауқымды.
Бірақ бюджеттің де миллиардтаған ақшасы құйылып жатқан саладағы лауазымды тұлғалар неге ылғи күмілжіп жауап береді?
Елдос Есенболдың материалы.
