Мәжілісте С.Имашевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте С.Имашевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті

16.05.2025

Мәжілісте Саттар Имашевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Арда тұлға Кеңестік партия және Мемлекет қайраткері, Жоғарғы Кеңес Президиумының төрағасы сынды лауазымды қызметтерді атқарды. Саттар Нұрмашұлы Қазақстандағы БАҚ тарихы бойынша еңбектердің авторы. Оның туындылары еліміздегі тарих ғылымының дамуына зор үлес қосты. Конференцияға қоғам және мемлекет қайраткерлері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ғалымдар мен жазушылар қатысты. Үкіметке бірнеше ұсынысын да жолдады. Бастамада Саттар Имашевтың ғылыми және саяси мұрасын насихаттап, тарих факультетінің студенттері үшін арнайы мемлекеттік стипендиясын тағайындау жағы да қарастырылған.

Айдос Сарым, Мәжіліс депутаты:

Үкіметке арнайы резолюция жіберейін деп отырмыз. Осындай ел басқарған азаматтардың жадымызда сақтау, көшелердің атын беру, кітаптарын шығару, архивтік құжаттарды жариялау деген сияқты шараларды іске алып, жүзеге асыру керек деп есептеп отырмыз.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу