Стамбұлда кеше өтуі тиіс болған Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздер бүгін басталады. Алайда кеңеске жауласушы екі тарап қана емес, АҚШ пен Түркия өкілдері де қатысады. Кеше екі елдің өкілдері талқылануы тиіс мәселелер мен делегация құрамына қатысты бір мәмілеге келе алмаған соң келіссөздерге АҚШ пен Түркия дипломаттары да қосылатын болды.
Ал бұл жиынға ешқандай елдің президенті қатыспайды. Ресейлік делегацияны Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский бастап келсе Украина тарапына елдің сыртқы істер министрі Андрей Ермак жетекшілік етуде. Сарапшылар бұл жиын соғысты тоқтату жолында екі ел үшін де үлкен мүмкіндік екенін айтып отыр.
Ибрахим Келеш, Стратегиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық сарапшы:
Екі елдің де мақсаты бейбіт келісім болғандықтан, ұсақ-түйек мәселелерге мән бермей, бітімгерлік жолдарын қарастыру керек деп ойлаймын. Бірнеше жылдан кейін ғана осындай мүмкіндік туып тұрғанда оны дұрыс пайдалана алмау үлкен қателік болар еді. Бұдан бөлек қазір екі елдің келіссөздер өткізуіне Түркия араағайындық жасап, зор мүмкіндік беріп отыр. Бұл өте маңызды фактор.
Айдос Әшімұлы
