Шымкентте 8 адамды қарақұрт шақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 8 адамды қарақұрт шақты

15.05.2025

Күннің күрт ысуына байланысты Шымкент қаласында қарақұрттар ерте шығып, адамдарға қауіп төндіре бастады. Соңғы күндері 8 тұрғынды қарақұрт шағып, оның екеуі ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы қазір тұрақты. Қалған 6 адам амбулаториялық ем алуда.

Мамандардың айтуынша, биыл қарақұрттар әдеттегіден ертерек пайда болған. Сол себепті тұрғындарға сақтық шараларын мұқият сақтау ескертілуде. Аула мен үй айналасын таза ұстап, шөп арасын мұқият қарап жүру ұсынылады.

Айта кетейік, қарақұрт шаққан жағдайда бірден дәрігерге қаралу қажет. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек адамның жағдайын ауырлатпай сақтап қалуға көмектеседі.

Хабарламаларға жазылу