Қазақстандық оқушылар физика олимпиадасынан 8 медаль жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық оқушылар физика олимпиадасынан 8 медаль жеңіп алды

14.05.2025

 Физика пәнінен Азия олимпиадасында қазақстандық оқушылар 8 медаль жеңіп алды. Сауд Арабиясының Дахран қаласында өткен додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысқан. 8 күнге созылған сайыста отандастарымыз жоғары нәтиже көрсетіп, 4 күміс және 4 қоланы қанжығалады.

Әмір Пішенбаев, күміс жүлдегер:

Негізі, өте ұзақ жол. Мен өзім Олимпиадаға тоғызыншы сыныптан бастап дайындалдым. Күні-түні оқып, осы жүлдені алу үшін өте үлкен жұмыс атқардым .

Нұргүл Егенбергенова,  күміс жүлдегер, «Best female» сыйлығының иегері:

Командадағы балалармен біз екі аптадай дайындалдық. Кішкене бауыр басып қалдық. Сосын бірге келіп, олимпиададан жүлде алғанымызға қуанышты болдық қатты. Күшті сезім болды.

Темірлан Нұрсолтанов

Хабарламаларға жазылу