Астанада қазақ өнерінің дара тұлғасы, композитор, Қазақстанның халық әртісі Мұрат Ахмадиевтің 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті. Кеш шымылдығы тағылымды шығармалармен ашылып, көрерменге рухани әсер сыйлады. Сахна төріне композитордың ұл-қыздары көтеріліп, әкесіне арнаған өнерлерін тарту етті.
Мерекелік концертке Мұрат Ахмадиевтің өнердегі серіктестері мен достары арнайы келіп, құттықтауларын жеткізді. «Яшлык» ансамблі кештің шырайын келтіріп, ерекше атмосфера сыйлады. Бұл концерт – жай ғана мереке емес, тұтас бір дәуірге тағзым, өмірін өнерге арнаған тұлғаға құрметтің көрінісі болды.
Мұрат Ахмадиев, ҚР Халық артисі, композитор:
Жалғыз менің 75 жылдығым емес, отбасымды тағы бір таныстыратын, бәрі біледі ғой, дегенмен өнердегі адамдар, менімен бірге өнер көрсетеді. Келіп жатқан көрермендерге рахмет. Бүгін жұмыс күні болса да қарамай, келіп жатыр. Соған рахметімді айтқым келеді.
Динара Жарқынбек
