Мұнай құны соңғы 4 жылда ең төменгі бағаға түсті. Демек Ұлттық қордың түсімі анау айтқандай болмайды, инфляцияның артпаса төмендемейтінін билік те жасыра алмайды.
Сарапшылардың әлемдік нарықтардағы ахуалды алаңдатарлық деп бағалағанын ескерсек, тәуекелдерді бағамдайтын уақыт. Ғалым Құсайынов есімді экономист «Біздің экономиканың басты индикаторы – мұнай баррелінің бағасы 60 доллар. ОПЕК+ жеткен жаңалықтар үміт сыйлайтындай емес. Мұндай бағамен ҰҚ-ға түсетін қаржы азаяды, бюджет те» деп жазды.
Биыл Ұлттық қордан алатын ақша түсімнен көп болатыны түсінікті. Ал жаңа салық кодексі 2026 жылы қолданыла бастайды. Бірақ бюджет тапшылығы келесі жылды күтпейді дейді сарапшы. Әңгіме сол баяғы: экономикалық қалып тұрақсыз, себебі тек ресурстық ренталарға негізделген.
Былай қарасаң, шикізатқа байланған экономикамен алысқа бармайтынымызды түсінеміз және ол туралы айтқанымызға ондаған жыл...
