Мәңгілік ел алаңындағы қазақ әскері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәңгілік ел алаңындағы қазақ әскері

11.05.2025

Еліміз Отан қорғаушы күнінде Жеңістің 80 жылдығына орай әскери парад өткізді. Соны қарап отырып, жалпы 7-ші, 9- шы мамыр күндері келетін ой мынау: Адамзатқа қауіп төндірген сұм фашизмді тізе бүктіргендердің арасында біздің ата-бабаларымыз, апа-әжелеріміз бар.

Оқ пен оттың ортасында қасық қаны қалғанша шайқасты. Тылда белі бүгіліп жұмыс істеді, аузынан жырып, бәрін жіберді. Қан майданда да, еңбек майданында да біздің халық әрі жаужүрек, әрі ақжүрек екенін дәлелдеді. Тағзым етеміз.

Екіншіден, биліктен айырылмау амалдарын қарастырған кей мемлекет имперлік, шовинистік идеологияны «қағып-сілкіп» қайта шығарып, қайтадан соғыс оты тұтанады деп ойладық па, бірақ солай болып шықты. Сондықтан Армияның рөлі төмендемеуі тиіс. Тіпті мықты қылу керек.

Президент Қ.Тоқаевтың парадтағы сөзінен мынадай цитата:

Бүгінгідей жаһандық саясатқа агрессия мен қатыгездіктің жегі құрты дендеп енген кезеңде соғыстың қасіретін еліміздің барша азаматына түсіндіру аса маңызды. Ақиқатты танымай бейбітшіліктің қадірін білу мүмкін емес.

Соғыстың тарихи ақиқатын, Ұлы Жеңістің мән-мағынасын қасақана бұрмалауға жол беруге болмайды. Қазіргі құбылмалы заманда Қазақстан үшін ең басты мақсат – ұлт мүддесін қорғау. Сыртқы саясатымыз осы мақсатты қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатыр.

 Парад туралы Оңғар Алпысбайұлының репортажы.


Хабарламаларға жазылу