Финляндияның Хельсинки қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай кеңес жауынгерлеріне құрмет көрсетілді. Қазақстанның сол жақтағы елшісі Азамат Әбдіраимов 1960 жылы Ханко қаласында орнатылған Кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, отан үшін от кешкен сарбаздардың рухына тағзым етті. Ханкода Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан 453 офицердің және өзгеде әскери тұтқындардың сүйектері жатыр.
Азамат Әбдіраимов, ҚР Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі:
Ұлы Отан соғысында жеңіске жету жолында қазақ халқы елеулі үлесін қосты. Біздің ата-бабаларымыз, өз жандарын құрбан ете отырып, бізге, болашақ ұрпаққа жарқын өмір сыйлап кетті. Майдан даласында шайқасқан жүздеген мың қазақстандықтардың ерлігі мен қаһармандығы көпке үлгі.
Австрияның Вена қаласында да тарихи күнге орай салтанатты шара өтті. Сондай-ақ Болгарияның София шаһарында ел қорғау жолында қаза тапқан ұландардың зиратына гүл шоқтары қойылып, батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
