Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» апталығы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» апталығы өтті

19.02.2018

Шараға негізінен 1-курс студенттері қатысты. Олар эссе жазып, аударылмаған кино және деректі фильмдерге өз бетінше дубляж жасап, бейне роликтер әзірледі. «Мұндай тапсырмалар жоғары оқу орнында оқитын өзге ұлт өкілдері жастарының тілін сындыруға зор ықпал етті»,-дейді ұйымдастырушылар. Апталықтың салтанатты жабылуында Мәжіліс депутаты сөз алып студенттерге мемлекеттік тілді білудің маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, университет қабырғасында профессорлар мен оқытушылар құрамы студенттерге бір ай бойына тіл курстарын өткізген. 

Қарлығаш Дүсіпбаева, ҚАЗГЗУ қазақ және орыс тілдер департаментінің үйлестірушісі:

- Бірінші курста өзге этнос өкілдерімен қатар өзіміздің қазақ ұлтының балалары да оқиды. Бір өкініштісі олардың қазақша білмей келуі. Өйткені, мектеп бағдарламасы бойынша бізге келетін студент Б1 деңгейін бітіріп келуі керек. Ал, біз А1, А2, Б1 деңгейін оқып отырмыз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу