Суперкомпьютер деген не? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суперкомпьютер деген не?

04.05.2025

Цифрлық даму вице-министрі Қ.Тілеушин суперкомпьютерге керек есептегіш чиптердің алғашқы партиясы жеткізілгенін хабарлады. Бірнеше жыл болды, еліміздің ұлттық суперкомьютер құрастыру мақсаты бар.

Суперкомпьютер – мыңдаған орталық процессоры бар компьютер. Тез және дәл жоғары ресурсты есептерді шығарады. Секундына миллиондаған операцияларды өңдейтін ғаламат машина. Демек ұзақ зерттеліп жатқан дүниелердің сырын тезірек ұғуға көмектеседі. Бірден ойға келетіні, рак ауруларының емін табуға көмектессе ғой. Бізде жүрек-қан тамырлары аурулары да көп. Мысалы, жүрек ұстамасының диагностикасын жаса деп тапсырма берсе, суперкомпьютер ЭКГ көрсеткіштеріне анализ жасап, нәтижесінде пациенттің жүрек ұстамасын тануы мүмкін.

Суперкомпьютер деген не? Ол қандай «есептерді» шешеді, тіршілікке қандай пайдасы бар? деген сұрақтардың жауабы кеңірек Амангелді Сейітханның материалында баяндалады.


Хабарламаларға жазылу