Голливуд актерлері Өскеменде фильм түсірмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голливуд актерлері Өскеменде фильм түсірмек

13.02.2018

Голливуд жұлдыздарының қатысуымен Шығыс Қазақстан туралы деректі фильм түсірілмек. Осы мақсатта өңірге Кэри-Хироюки Тагава, Марк Дакаскос, Эрик Робертс тәрізді атақты бір топ киноактерлер келді.Олар Шығыстың әсем табиғаты мен тұрмыс-тіршілігі туралы деректі фильм түсіріп, шетелдік телеарналарда көрсетуді көздеп отыр. Осылайша, аймақтағы туризмді насихаттау жоспарланған. Жобаны іске асыру үшін қанша қаражат жұмсалатыны әзірге белгісіз. Шығыстың шыңылтыр аязы голливудтық жұлдыздарға қолайсыздық тудырса да, қазақтың қонақжайлылығы меймандарды тәнті еткен. Тіпті, әйгілі америкалық актер Кэри-Хироюки Тагава Қазақстанның азаматтығын алғысы келетінін айтты.

Кэри Тагава, Голливуд актері:

- Мұнда келгенде, өз үйіме келгендей сезінемін. Сондықтан, тіпті Қазақстанның азаматтығын алуды да жоспарлап жүрмін.

Арман Асенов, продюсер:

 -Тарихта көшпелі өркениет туралы көп айтылмаған. Бірақ, қазір қызығушылық артты. Елбасымыз Америкаға барып келгеннен бері, сол жақтағы көптеген компаниялар біздің елді жақынырақ тануға құлықты. Олардың бәрі қазіргі Қазақстанды біледі, ал, тарихымыз, табиғи ресустарымыз жайлы көп біле бермейді. Сондықтан, 4 бөлімнен тұратын деректі фильм түсіріледі.

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу