Қазақстанда мал дәрігерлеріне үстемақы төленуі мүмкін
Елімізде мал дәрігерлеріне ай сайын жалақыдан бөлек үстемақы төленбек. Ветеринариялық бақылау комитетінің төрағасы депутаттардың бастамасымен заңға өзгеріс әзірленіп жатқанын айтты. Қазір мал дәрігерлерінің орташа жалақысы 220 мың теңге. Салада кадр жетіспеушілігі бар. Ел көлемінде 370-ке жуық мал дәрігері қажет. Жұмыс істеп жатқан ветеринарлардың орташа жасы 60-тан асып кеткен. Бірнеше жылда ветеринарлардың тапшылығы ауыл шаруашылығына үлкен соққы болуы мүмкін. Ал жастар бұл мамандықты грант үшін ғана таңдайды деген ведомство өкілдері салаға маман тартудың жаңа тетіктерін қарастырып жатқанын айтты.
Қазбек Тәшімов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы:
Біздің қосымша ветеринарлық дәрігерлерге үстемақы белгілеу жөнінде ұсынысымыз бар. Тиісті қаражатты сұрау жөнінде Қаржы министрлігіне өз ұсынысымызды бердік. Биыл үшінші жыл биологиялық қауіпсіздік туралы заңға сәйкес бірінші және екінші потогендікпен жұмыс істейтін мамандарға жыл сайын республикадан 10 млрд-қа жуық қаражат бөлінеді осы үстемақыға.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдау – ел болашағын айқындайтын стратегиялық құжат
10.09.2025, 17:29

ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 14:24
Ақтауда «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады
10.09.2025, 14:21
Петропавл студенттері телефон қосымшасын жасап шығарды
10.09.2025, 14:18
Жолдау қоғамдық-саяси және экономикалық даму тұрғысынан талданды
10.09.2025, 14:15
Сербия саясаттанушылары Жолдауға үн қосты
10.09.2025, 14:12
Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс
10.09.2025, 14:09
Жеті жеңіл ұшақтың рұқсатсыз ұшып жүргені анықталды
10.09.2025, 14:06