Украина президенті Владимир Зеленский шұғыл түрде 30 күнге бітім жариялауды ұсынды. Зеленскийдің айтуынша, атысты тоқтату үшін 8 мамырды күтуге негіз жоқ. «Ең болмағанда 30 күнге тоқтаса, бұл нағыз дипломатияға жол ашады»,- деді.
Ресей президенті Владимир Путин дүйсенбіде алдағы мереке күндері Украинадағы соғысты үш күнге тоқтатуды ұсынды. Ал бұған дейін қысқа бітім Пасха мерекесіне жарияланған еді.
АҚШ-та Ресей президентінің бұл ұсынысына пікір білдірді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Керолайн Левиттің айтуынша, президент Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғыс тұрақты түрде тоқтауын көздейді. Бұған қоса Левитт Трамптың Путин мен Зеленскийден көңілі қала бастады деп мәлімдеді.
Арай Төлеген
