Ақын Оңаш Мәжитова Атырауда шығармашылық кеш өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Оңаш Мәжитова Атырауда шығармашылық кеш өткізді

05.02.2018

«Сағыныш сазы». Осындай атаумен астаналық ақын Оңаш Мәжитова Атырауда шығармашылық кеш өткізді. Поэзия сағатында ақынның сезімге толы сырлы да сазды өлеңдері оқылды. Сахналық қойылымдар көрсетіліп, ақын сөзіне жазылған әндер шырқалды. Өлең-өмірім деп білген ақынның шығармашылық кешіне бір топ қаламгер де қатысты. Сондай-ақ, кеш барысында  Оңаш Маратқызының шәкірттері республиканың түкпір-түкпірінен арнайы келіп, жырдан шашу шашты. 

Қадір Жүсіп, ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор:

- Облыстың әр аудандарына барып, өз поэзиясын таныстырса екен деймін. Себебі, ақын өзінің шығармашылығын ел арасында жүріп тарату керек.

Ж.ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу