Түркияда тағы да жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда тағы да жер сілкінді

26.04.2025

Түркияда тағы да жер сілкінді. Бұл жолы Стамбұлда ғана емес Күтахия провинциясында да зілзала болды. Алдымен Стамбұлдан 300 шақырым жердегі Күтахия аймағында қатарынан үш рет жер тербелді. Олардың қуаты 4,6 балға дейін жетті. Дегенмен ешкім жарақат алған жоқ, ғимараттарға ешқандай зақым келмеген. Ал түнде Стамбұлда бір сағат ішінде 4 рет жер дүмпуі сезілген. Зілзала ошағы Мәрмәр теңізінің ортасында болған тербелістердің қуаты 4,3 балға дейін жетті. Мамандар бұл екі күн бұрынғы 6,2 балдық зілзаланың әсерінен туындаған афтершок дейді.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу