Астананың 20 жылдығына арналған VІІ қалалық вокалистер байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың 20 жылдығына арналған VІІ қалалық вокалистер байқауы басталды

31.01.2018

«Астана – ән қанатында». Осындай атаумен елордада VІІ қалалық вокалистер байқауы басталды. Астананың 20 жылдығына арналған мәдени шараға 60-қа жуық жас өрен қатысты. 9-14 жас аралығындағы оқушылар екі кезеңде бақ сынады. Әуелі елорда жайлы қазақ әндерін орындады. Содан соң шетел композиторларының үздік туындыларын шырқады. Осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған байқау жас таланттардың өнерін ұштауға бағытталған.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу