Ақтауда бортсерікті ұрған жолаушыға айыппұл салынды
Астана-Ақтау әуе рейсінде бортсерікті ұрған жолаушыға айыппұл салынды.
Оқиға 20 сәуір күні түнде, ұшақ Ақтау қаласына қонған сәтте болған. Жолаушы ер адам ұялы телефонын ұмытып, әуе көлігіне қайта кірмек болыпты. Бірақ бортсерік оны тоқтатып, жолаушылардың толық шығуын күтуді өтінген. Алайда ол баса-көктеп кіріп, бортсеріктің бетінен ұрған. Осы оқиғаға қатысты әкімшілік іс сотта қаралып, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жолаушыға 55 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанай облысында эко-күн ұйымдастырылды
09.09.2025, 18:00

Профессор: Геологиялық картаны цифрлық жүйеге көшіру маңызды
09.09.2025, 17:49
Тоғызқұмалақ күні әлемнің 50 елінде аталып өтуде
09.09.2025, 14:47
СҚО-да бос жерлер мен ормандар мемлекетке қайтарылуда
09.09.2025, 14:41
Эстонияның порттары Қазақстанмен ынтымақты нығайтуға ынталы
09.09.2025, 14:38
Таиландта сот экс-премьерді 1 жылға қамау туралы шешім шығарды
09.09.2025, 14:35
Израиль Газа секторындағы шабуылдарын үдетпек
09.09.2025, 14:33
Руслан Желдібай ҚР Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
09.09.2025, 14:31