Нью Джерси штатындағы орман өрті әлі толық сөндірілген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью Джерси штатындағы орман өрті әлі толық сөндірілген жоқ

24.04.2025

АҚШ-тың Нью Джерси штатында кеше басталған алапат орман өрті әлі толық сөндірілген жоқ. Бұл Атлант мұхитының жағалауындағы демалыс қалашықтары үшін соңғы 20 жылдағы ең ірі апат болуы мүмкін. Бір күн ішінде 3500 гектар жер күлге айналды. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер әзірге өрттің тек үштен бірін ғана ауыздықтап үлгерді. Ресми өкілдердің айтуынша, 1300-ден аса құрылысқа әлі де қауіп төніп тұр. Өрт солтүстік бағытқа қарай жылжып барады. Өңір басшысы штат бойынша төтенше жағдай жариялады.  

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу