Олардың ішінде ең көлемдісі көрнекті қайраткер Ахмет Байтұрсынұлына арналған. 700 беттік энциклопедияда ағартушының өмір жолы жайлы анықтама беріледі. Тағы бір елеулі еңбек - Алаш қозғалысы жайлы мақалалар жинағы. Онда Алашорда үкіметіне және жалпы қозғалысқа арналған отаншылдық рухтағы өлеңдер топтастырылған. Туындылардың басым бөлігі балаларға арналған оқу-әдістемелік құралдар. Сондай-ақ, түсіндірме сөздіктер мен анықтамалық атаулар жинағы, шет тілдерінен аударылған кітаптар да бар.
Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бүгінгі жиынымыздың жеңісі үлкен маңызға ие. Себебі, біз Қазақстан үлкен ел болып, жаһанға танылдық. Алпауыт мемлекеттер бізді мойындады. Сондықтан да біздің қазақ тілінде жарық көрген еңбектеріміз келешегімізге қызмет етеді.
Ардақ Бейсембай, филология ғылымдарының кандидаты:
- Ұлттық фольклордан бастап, баяғы ертегілеріміз нарыққа лайықталып шықты. Енді барлық кіттапханаларға, оқу орындарына, мектептерге таратылады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ