Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобалары арқасында 45 мың жұмыс орны ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобалары арқасында 45 мың жұмыс орны ашылады

21.04.2025

Қазақстан мен Ресейдің бизнес субъектілері 171 жобаны бірлесіп іске асыру арқылы 45 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды көздейді. Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеуде Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қос елдің мемлекет басшылары мақұлдаған келісімдерді іске асыруға, оның ішінде өзара тауар айналымын 30 млрд доллларға дейін арттыруға басымдық берілмек. Көлік-транзиттік әлеует, ауыл шаруашылығы, энергетика және газ, ғарыш саласы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардағы нығайту мәселелері қаралды. Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – агроөнеркәсіп кешені. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, бұл саладағы тауар айналымы 4 млрд долларға жуықтаған.

 Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу