«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – саяси-қоғамдық әрі ғылыми маңызға ие - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – саяси-қоғамдық әрі ғылыми маңызға ие

19.01.2018

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – саяси-қоғамдық әрі ғылыми маңызға ие. Сол себепті білім беру жүйесіне енгізіп, іргелі еңбектегі тағдыршешті идеяларды әлеуметтік топтарға оқытып, игерту керек. Сондай-ақ, кітап Біріккен Ұлттар Ұйымы тілдеріне аударылса құба-құп. Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресінде ғалымдар тарапынан сондай қарар қабылданды. Ғалымдар «еліміздің жүріп өткен 26 жылдық жолы кітапта негізделген, анықталған деректермен жазылған»,-дейді. Оқулықтың қоғамдық сананы жаңғыртып, рухани өрістеуге, отандық тарихты ұғынуға ықпалы зор. Бұл жастардың зерттеулеріне әдістемелік құрал ретінде қызмет ете алады. 

Тілеген Садықов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Біз «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында айтылған әрбір сала бойынша болашақта диплом жұмысын, магистрлік диссертацияның тақырыбын, докторлық диссертацияның тақырыбын берсек дейміз. Яғни, жас ғалымдар осы еңбекті арқау етіп, өздерінің ғылыми жобаларын әрі қарай жалғастырса деген пікірдеміз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу