Қытайда 10G желісі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда 10G желісі іске қосылды

21.04.2025

Қытайдың Сюнъань жаңа ауданында әлемдегі алғашқы 10 гигабит жылдамдықтағы интернет желісі іске қосылды. Арнайы өлшем нәтижесі бойынша, интернеттің жүктеу жылдамдығы 10 000 Мбит/с-қа жуықтаған. Ал жауап беру уақыты небәрі 3 миллисекунд. Мұндай жоғары көрсеткішке 50G PON технологиясының арқасында қол жеткізді. Бұл енді 8K сападағы бейнероликтерді көру, қашықтан жұмыс істеу және үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу секілді қызметтерді еш кедергісіз атқаруға мүмкіндік бермек. Бүгінде Қытай билігі ел аумағында 10G желісін енгізуге бағытталған 168 пилоттық жобаны бекіткен. 

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу