Ресей Талибанды лаңкестік ұйымдар тізімінен шығарды
Ресейдің Жоғарғы соты «Талибанды» террористік ұйымдар тізімінен шығарды. Естеріңізге сала кетсек, тәліптер ауған билігін 2021 жылы тамызда елден АҚШ әскері бей-берекетсіз шығарылғаннан кейін басып алды. Ал Ресей бұл қозғалыспен біртіндеп қатынас орнатып, оны тіпті лаңкестікпен күресте одақтас деп атады. Әрі Кремль Ауғанстанның стратегиялық орналасқан жерін ескеріп, онымен сауда, іскерлік, инвестициялық байланыстарды нығайтпақ. Сонымен қатар, Ресей Таяу Шығыстағы радикалдық қарулы топтармен және есірткі тасымалымен күресте де «Талибанмен» бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін мәлімдеді. Мәскеу тәліптерді 2003жылы лаңкестік топтар қатарына қосты. Оларды бұл тізімнен шығару туралы шешім өткен тәулікте күшіне енген.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдау – ел болашағын айқындайтын стратегиялық құжат
10.09.2025, 17:29

ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 14:24
Ақтауда «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады
10.09.2025, 14:21
Петропавл студенттері телефон қосымшасын жасап шығарды
10.09.2025, 14:18
Жолдау қоғамдық-саяси және экономикалық даму тұрғысынан талданды
10.09.2025, 14:15
Сербия саясаттанушылары Жолдауға үн қосты
10.09.2025, 14:12
Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс
10.09.2025, 14:09
Жеті жеңіл ұшақтың рұқсатсыз ұшып жүргені анықталды
10.09.2025, 14:06