Қостанайда ҚХА 30 жылдығына орай халықаралық фестиваль өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда ҚХА 30 жылдығына орай халықаралық фестиваль өтеді

16.04.2025

Биыл Қостанайда Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «AziaFest.Kostanay – 2025» атты халықаралық фестиваль өтпек. Шараға ТМД елдері мен алыс-жақын шет мемлекеттерден делегациялар келеді. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Сондай-ақ бірлік пен келісімді нығайту, этносаралық қатынастарды дамытудағы нәтижелер талқыланады. Жиын соңында ассамблея мүшелеріне мерейтой медальдары табысталды. 

Мәдина Нағашыбай

Хабарламаларға жазылу