Орталық Азияға ортақ телеарна құрылады
Орталық Азияға ортақ телеарна құрылады. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан II Орталық Азия медиа форумында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Телеарна қалай аталмақ және ол қандай контентпен толығады? Бұл туралы жиында жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес толығарақ ақпарат беруге дайын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Орталық Азияға ортақ телеарна құрылады. Мәдениет және ақпарат министрінің айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен медиаөнімдерді жасау бастамасын көтеріп, ортақ телеарна құру және осы аумақта тұратын халықтардың достығы мен бірлігі туралы хабардар ететін тележобаларды, сондай-ақ, халықтарымыздың тарихы туралы танымдық телерадиобағдарламалар топтамасын дайындау идеясын қолдады. Сондықтан бүгінде форумда «Silk Way» телеарнасының жұмысына бірлескен контент дайындау бойынша нақты шешімдер қабылданды. Осы жоба жайлы, жалпы Қазақстан мен орталық Азиядағы медиа саласының әлеуеті жайлы әлемдік медианың белді өкілдерінің пікірін білген едік.
Клаус Штрунц, Euronews бас директоры және редакциялық директоры:
Euronews Қазақстанда кеңсесін ашып, редакциялық тобын құрды. Біз Еуропалық көрерменге Қазақстандағы мәдениет пен халықтың тыныс-тіршілігін көрсеткіміз келеді. Осы бағытта Modern Nomads атты жобамыз елдің мәдени байлығын таныды. Мен үшін Орталық Азиядағы медиа саласының дамуы өте қызық. Бұл өңірдегі ең жылдам өсіп келе жатқан салалардың бірі. Біздің арнаның басты ұстанымы – көрерменге әлемнің түпкір-түпкірінен бейтарап әрі сенімді ақпарат ұсыну. Бүгінде Euronews арнасы Еуропа халқының 82 пайызына қолжетімді. Сондықтан бұл осы аймақ туралы қызық дүниелерді көрсетуге тамаша мүмкіндік.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Айта кету керек, бүгінгі форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдерден 700-ден астам делегат қатысып жатыр. Шара екі күнге жалғасады. Бүгін және ертең медиа саласына қатысты өзекті мәселелер талқыға салынатын пленарлық отырыстар өтіп, шетелден келген білікті мамандар мен сарапшылар Орталық Азияның БАҚ өкілдеріне шеберлік сағаттарын өткізеді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдау – ел болашағын айқындайтын стратегиялық құжат
10.09.2025, 17:29

ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 14:24
Ақтауда «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады
10.09.2025, 14:21
Петропавл студенттері телефон қосымшасын жасап шығарды
10.09.2025, 14:18
Жолдау қоғамдық-саяси және экономикалық даму тұрғысынан талданды
10.09.2025, 14:15
Сербия саясаттанушылары Жолдауға үн қосты
10.09.2025, 14:12
Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс
10.09.2025, 14:09
Жеті жеңіл ұшақтың рұқсатсыз ұшып жүргені анықталды
10.09.2025, 14:06