Семейде Халел Ғаббасұлының өмірі мен еңбегіне арналған «Алаш бекзаты» кітабы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Халел Ғаббасұлының өмірі мен еңбегіне арналған «Алаш бекзаты» кітабы таныстырылды

29.12.2017

Семейде Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары Халел Ғаббасұлының өмірі мен еңбегіне арналған «Алаш бекзаты» атты монография таныстырылды. Туынды авторы – ғалым, зерттеуші Раиса Садықова. Екі бөлімнен тұратын кітапта Алаш қайраткерінің әдеби-көсемсөздік мұрасы насихатталады. 200 данамен жарық көрген туындыға Халел Ғаббасұлына қатысты архивтік деректер еніп отыр. Қайраткер 1917 жылы «Алаш Орда» кеңесіне мүше болып сайланған. «Алаш үні», «Сарыарқа» газетінің редакторы болды. Оқырман қауымға жол тартқан кітап тар жол тайғақ кешкен заманда ұлт мүддесі үшін басын бәйгеге тіккен қайраткердің есімін дәріптеуді көздейді. Сондықтан, еңбекпен жақын танысқан әр адам тарих беттеріне көз жүгіртіп, тұлға туралы мол мағлұмат алады, - дейді жиналғандар. 

Раиса Садықова, кітап авторы:

 - Менің тырнақалды ғылыми еңбегім. Осы еңбекті Алаштың 100 жылдығына орай шығарып, Астана қаласында 13-желтоқсанда тұсаукесерін өткізгенбіз.

Гүлнұр Төртенова, Тарихи-өлкетану музейі бөлімінің меңгерушісі:

- Халел Ғаббасұлының өзі Мәскеудегі Ломоносов атындағы университетінің физика-математика факультетін бітіргенінің барлығы осы кітапта толығымен зерттеліп,  шығып отыр.

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу