FINANCIAL TIMES: Доллардың мәртебесіне қауіп төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

FINANCIAL TIMES: Доллардың мәртебесіне қауіп төніп тұр

14.04.2025

АҚШ-тың тариф саясаты елдің сауда серіктестерімен қарым-қатынасында шиеленісті күшейтіп, экономикалық өсімді нашарлатуы мүмкін. Бұған қоса, тұрақсыз саясат пен сауда кедергілерінен америкалық валютаның мәртебесіне қауіп төніп тұр. Мұндай болжам Financial Times газетінде жарияланған мақалада келтірілген. Автордың пікірінше, соңғы күндері акция, облигация мен доллардың бір мезетте сатылуы халықаралық инвесторлардың америкалық активтерге деген сенімділікті жоғалтуын көрсетеді. Сарапшылардың айтуынша, инвесторлар Трамп әкімшілігінің құбылмалы сауда саясатынан АҚШ-тың қор нарығы шығынға ұшырауы мүмкін деп алаңдайды.

Ал отандық сарапшылар АҚШ валютасына жаппай сенімсіздік білдіруге әлі ерте деп санайды. Себебі, қор нарығында бұған дейін де доллар күйрейді деген болжам болған. Алайда, оның бірі де расталмады. Бүгінде қазақстандықтардың көбі депозит салымдарының 72 пайызын теңгемен сақтайды. Қазақстан қор биржасында бір көк қағаздың құны қазір 518 теңге. Ал ақша айырбастау бекеттерінде ол 525 теңгеден сатылып жатыр.

 Айбар Олжай, сарапшы:

Бұл өте бір шахмат патындағы жағдай Трамп жағдайды ушықтырып алды. Алға жүрсе де, артқа қайтса да қиын жағдайда қалып отыр. Мамыр айынының 10-на таман белгілі бір курс жағдай белгілі болатын сияқты. Әлемде доллардың күрт өсетініндей фундаменталды негіз жоқ. Біз тек қана қазір мұнай бағасына қарауымыз керек. Ол 65 боп тұрса, қазіргі теңгенің өз күшін сақтауға мүмкіндік бар. 

Арай Төлегенқызы  

Хабарламаларға жазылу