Бозжыра шатқалында визит-орталығының құрылысы басталды
Маңғыстауда Бозжыра шатқалында визит-орталығының құрылысы басталды. Жоба бойынша 50 қонақ үй бөлмесі, 17 глэмпинг павильоны, жалпы аумағы 450 шаршы метр болатын визит-орталық пен этно-кафе бой көтермек. Жоба авторларының айтуынша, туристік кешен қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Мұнда биологиялық тазарту жүйелері, қоқысты сұрыптап жинау мен күн энергиясын пайдалану тетіктері ойластырылған. Визит орталығы 2027 жылы пайдалануға берілмек.
Шәріп Ақжігітов, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
Мұнайға тәуелді болмай, одан шығудың бірден-бір жолы осы туризмді дамыту. Сондықтан бұл жаңа бастамасы. Бұның артында Кендірлі қалашығы салынса, одан басқа визит орталықтар салынса, Маңғыстаудың туризмі өте керемет дамиды деп сенеміз. Бүгіннің өзінде жаңа велотурмен француздар, мексикалықтар келіп жатыр. Оның бәрін көріп жатырмыз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанай облысында эко-күн ұйымдастырылды
09.09.2025, 18:00

Профессор: Геологиялық картаны цифрлық жүйеге көшіру маңызды
09.09.2025, 17:49
Тоғызқұмалақ күні әлемнің 50 елінде аталып өтуде
09.09.2025, 14:47
СҚО-да бос жерлер мен ормандар мемлекетке қайтарылуда
09.09.2025, 14:41
Эстонияның порттары Қазақстанмен ынтымақты нығайтуға ынталы
09.09.2025, 14:38
Таиландта сот экс-премьерді 1 жылға қамау туралы шешім шығарды
09.09.2025, 14:35
Израиль Газа секторындағы шабуылдарын үдетпек
09.09.2025, 14:33
Руслан Желдібай ҚР Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
09.09.2025, 14:31