Астанада «Жеңістің 80 жылдығына» орай жас хореографтардың халықаралық фестивалі өтті. Шара ТМД елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Байқауға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан және Әзербайжаннан келген жас хореографтар қатысты. Жан-жақтан жиналған дарынды жастар сахна төрінде өнер көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ саланың үздік мамандары фестиваль аясында шеберлік сабақтар өткізіп, жас өнерпаздарға шабыт сыйлады. Іс-шара - ұйымға мүше мемлекеттер арасында мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.
Динара Жарқынбек
