Дәрігерлер: Иммундау – ауру жұқтырмаудың тиімді жолы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер: Иммундау – ауру жұқтырмаудың тиімді жолы

10.04.2025

Елімізде балалар арасындағы көкжөтел мен қызылша сынды инфекциялық ауру өршіп тұр. Дертті жұқтырғандардың 70 пайыздан астамы – вакцина алмағандар. Мұндай маңызды ақпаратты мамандар Еуропалық иммундау апталығының аясында өткен жиында айтты. Қазір қызылша жұқпасын мүлдем жою бағдарламасы қарастырылып жатыр. Мамандардың сөзінше, жыл сайын күнтізбелік жоспар бойынша 5 миллион тұрғын вакцина алады. Ал жаңадан дүниеге келген 400 мың шақалақтың 360 мыңға жуығына ғана екпе салынады. Сондай-ақ жиында әйелдер арасындағы жатыр мойны обырының алдын алу мәседесі қозғалды. Жыл сайын қатерлі індетке 2000 қыз-келіншек шалдықса, оның 600-і көз жұмады. Сондықтан дәрігерлер иммундай мәселесіне бей-жай қарамауға кеңес береді.

Манар Смағұл, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» басқарма төрағасының орынбасары:

Мысалы, вакцинация арқылы 2009 жылдан бастап Қазақстан бойынша дифтерия жұқпасы тіркелмейді. Қазір балалар арасындағы өткір гепатит В тіркелмейді деп айтсам болады, тек 3-4 жағдай ғана тіркеліп жатады. Әр вакцинаның маңызды рөлі бар.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу